Бүгін Алматыда бірқатар құқық қорғаушылар мен оппозиция өкілдері баспасөз жиынын өткізіп, Жаңаөзен оқиғасы мен соған қатысты қудаланып жатқан азаматтарды қорғау комитетін құрды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Комитеттің құрамында оппозициялық саясаткерлер Серікболсын Әбділдин, Зәуреш Батталова, "Журналистер қатерде" қорының төрағасы Рамазан Есіргепов, "Аман-саулық" қорының басшысы Бақыт Түменова бар.
Бақыт Түменованың айтуынша, комитет Жаңаөзен оқиғасы кезінде және соған байланысты тұтқындалып жатқан барлық адамдарға құқықтық көмек беруді, халықаралық және жергілікті ұйымдарға шағым жасауды, олардың істеріне мониторинг жасауды көздеп отыр.