Accessibility links

Рахмон: Әр тәжік отбасында кітап сөресі болуы керек


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. 20 наурыз 2012 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. 20 наурыз 2012 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ұлттық кітапханаға арналған жаңа ғимаратты ашу кезінде әрбір тәжік отбасында кітап сөресі болуы керегін айтып, онда «адамның рухани, мәдени және моральдық дамуын танытатын кітаптар тұруы керек» деді.

Тәжік президенті ашылу салтанатына қатысқан жаңа кітапхана - 45 мың шаршы метр аумағы, 40 оқу залы бар тоғыз қабат ғимарат. Онда тоғыз миллион кітап сақталады.
XS
SM
MD
LG