Accessibility links

Жаңаөзенде 16 желтоқсан құрбандарын еске алды


Жаңаөзен қаласында бүгін он шақты адам қалалық автобекетке жиналып, 16 желтоқсандағы оқиғада құрбан болған адамдардың рухына құран бағыштады. Бұл туралы аймақтағы Азаттық тілшісі хабарлады.

Жаңаөзендік әйелдер 24 наурызда қалалық әкімдік алдында оқиғаға орай тұтқындалғандарды босатуды талап етіп митинг өткізбек болған. Бірақ оған әкімдік рұқсат бермеген болатын. Бұған қоса оны ұйымдастырушылардың бірі - Тамара Ерғазеваны сот бұдан екі апта бұрын екі айға үйқамаққа алды.
XS
SM
MD
LG