Accessibility links

Бас прокуратура: Анар Мешімбаева БАӘ-де жүр


Статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаева Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) қашып жүр деп хабарлады сәрсенбіде бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Мәжілістің пленарлық отырысында сөйлеген Меркель "Интерполдың дерегінше, қазақстандық жеті азамат, оның ішінде статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаева БАӘ аумағында жасырынып жүр" деді.

Оның айтуынша, Мешімбаева 2009 жылғы халық санағына бөлінген қаржының жартысынан көбін жымқырды деген күдік бар.

Анар Мешімбаева 2009 жылы күзде халық санағына қатысты дау туындаған соң отставкаға кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG