Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық соты дүйсенбіде 2011 жылы 12 қарашада Таразда болған терактіні ұйымдастырған топтың бес мүшесіне үкім шығарды. Бұл туралы облыстық прокуратураның 4 басқармасы бастығының орынбасары Рахметулла Ахметовке сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.
Сот Тараз қаласындағы СИ-13 жабық мекемесінде өткен. Қылмыстық іске 48 куәгер тартылған. Ахметовтің айтуынша, топ жетекшісі Бақытжан Жаппаров өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Ол терроризм, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру, террористік топ құру, оны насихаттау заңсыз қару сақтау, кісі өлтіру қылмыстарына кінәлі деп танылған. "Жаппаров жазасының алғашқы бес жылын түрмеде, қалған мерзімін "жалғыз" өткізеді" дейді Ахметов.
Топ мүшелері - Ерғали Зунимов - 25, Лесбек Дүйсенбаев - 21, Төлеген Забираев - 18 жылға сотталды. Олар жазаларын қатаң режимдегі түрмеде өтемек.
Топтағы бесінші адам - Қадыржан Тұтқышбаевқа тек "заңсыз қару, жарылғыш зат сақтады, алып жүрді" деп айып тағылып, бес жыл жалпы режимдегі түрмеде жазасын өтеуге үкім шықты.
Топтың тағы бір мүшесі ақпан айында алты жылға сотталған болатын.
2011 жылы қарашаның 12-сінде тараздық 34 жастағы Мақсат Қариев есімді азамат бес полицей мен екі бейбіт тұрғынды өлтіріп, өзін-өзі жарып жіберген еді.
Кейін Қариевті ұстау кезінде қаза тапқан жол полициясы қызметкері Ғазиз Байтасов «Халық қаһарманы» атағымен марапатталды.