Accessibility links

Қостанайда тағы 400 киік қырылды


Қырылған киікті жинап жүрген адамдар. Батыс Қазақстан, 22 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет).
Қырылған киікті жинап жүрген адамдар. Батыс Қазақстан, 22 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет).
Қостанай облысында тағы 400 киіктің өлі денесі табылды деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Министрліктің хабарына қарағанда, 24 мамырда әуеден бақылау жасағанда 19 мамырда киік қырылған маңның оңтүстік-батысындағы аумақта шамамен 400-ден астам киіктің өліп жатқаны анықталған.

Киік қырылған жерге облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының қызметкерлері барды.

Бұған дейін осы облыстың Жангелдин ауданы Сорша ауылынан 20 шақырым жерде 543 бас киіктің қырылып қалғанын Азаттық радиосы хабарлаған болатын.

Министрліктің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев Қостанайда қырылған киіктердің "іштері кеуіп, аузынан қанды көбік ағып өлгенін" айтқан еді. Комитет төрағасы өлген киіктерге лаборатиялық сараптама жасалып, нәтижесі екі аптадан кейін дайын болатынын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG