Қазақстанда 2011 жылы адам құқықтары жиі бұзылды деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаменті адам құқықтарына қатысты жариялаған жыл сайынғы есебінде.
Мемлекеттік департаменттің есебінде Қазақстанда азаматтардың үкіметті ауыстыру құқықтары мен баспасөз еркіндігінің шектелгені, соттардың тәуелді екені және заңның үстемдік құра алмай отырғаны айтылады. Бұл есепте "Әсіресе жемқорлықпен күресте және құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде қызмет бабын асыра пайдалануға қатысты заңдар орындалмайды" деп жазылған.
АҚШ үкіметінің есебінде Жаңаөзен оқиғасы мен онда қарусыз халыққа қарсы оқ атылғаны да айтылады. Бұған қоса түрмелерде тұтқындарды азаптау, еріксіз тұтқындау, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын шектеу, адам саудасы, гендерлік кемсітушілік және балалар еңбегін пайдалану жайы да аталған.
АҚШ мемлекеттік департамент Қазақстан билігінің адам құқықтарын бұзғандарды жазаламай отырғанын да назардан тыс қалдырмаған.