Accessibility links

15 шекарашының аты-жөні ресми түрде жарияланды


"Арқанкерген" постында қаза тапқан Алтынбек Кереев. Марқұмның суреті "Уральская неделья" газетінен алынды. 5 маусым 2012 жыл.
"Арқанкерген" постында қаза тапқан Алтынбек Кереев. Марқұмның суреті "Уральская неделья" газетінен алынды. 5 маусым 2012 жыл.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Алматы облысының Арқанкерген шекара бекетінде қаза тапқан 14 шекарашының, тірі қалған бір шекарашының аты-жөндерін сәрсенбіде ресми түрде жариялады.

Қаза тапқан 14 шекарашының аты-жөні мен туған жері төмендегідей:

1. Алтынбек Кереев - шекара бекетінің командирі, капитан,1984 жылы туған. Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Ақтөбе ауылынан.

2. Ерлан Ақышев - келісім-шартпен қызмет етуші кіші сержант, 1988 жылы туған. Алматы облысының Алакөл ауданынан.

3. Талғат Сәрсенбаев - келісім-шартпен қызмет етуші қатардағы жауынгер. 1984 жылы туған. Алматы облысынан.

4. Рүстем Ақылбаев - 1991 жылы туған. Алматы облысынан.

5. Нұрлан Мұқашев - 1991 жылы туған. Қарағанды облысынан.

6. Мейірхан Именов - Атырау облысы Индер ауданынан.

7. Данияр Балғабаев - Атырау облысы Мақат ауданы Доссор ауылынан.

8. Жеңіс Сағынғалиев - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жыланды ауылынан.

9. Бекзат Әмірғалиев - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан.

10. Нұржан Үсіпәлиев - Жамбыл облысы Талас ауданынан.

11. Жанат Ілиясов - Жамбыл облысынан.

12. Қамбар Ағанас - Ақтөбе облысынан.

13. Әли Мақсатов - Ақтөбе облысы Ойыл ауданынан.

14. Денис Рей - Павлодарской облысы Успенск ауданынан.

Ал 5 маусымда ұсталды деп хабарланған шекарашының аты-жөні - Владислав Челах. Қатардағы жауынгер 1992 жылы туған, әскерге Қарағанды облысынан шақырылған.
XS
SM
MD
LG