Accessibility links

Қытай Атырауда мұнай өңдеу кешенін салуға несие бермек


«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның құрамындағы Ембімұнайгаз өндірістік филиалының Қошқар ауылындағы мұнай қазандары. Мақат ауданы Атырау облысы, тамыз, 2009 жыл.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның құрамындағы Ембімұнайгаз өндірістік филиалының Қошқар ауылындағы мұнай қазандары. Мақат ауданы Атырау облысы, тамыз, 2009 жыл.
Қытай Атырауда мұнайды мұқият қайта өңдеу кешенінің құрылысына 1,1 миллиард АҚШ доллары инвестиция салатын болды деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» компаниясының ресми сайты.

Компания 6 маусымда Пекинде зауыт құрылысына Қытай экспорт және импорттау банкімен несие алу келісіміне қол қойылғанын хабарлайды.

Келісім-шартқа «Атырау мұнай өңдеу зауыты» кәсіпорнының бас директоры мен банк басшылығы қол қойған. Қол қою рәсіміне Қазақстанның мұнай және газ министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» компаниясының және Sinopec корпорациясының басшылары қатысқан.

Кешен жылына 2 миллион 400 мың тонна шикі мұнайды қайта өңдеуге арналған.
XS
SM
MD
LG