Accessibility links

Болат Атабаев пен Жанболат Мамай Ақтауға жеткізілді


Режиссер, қоғамдық белсенді Болат Атабаев Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция беріп отыр. Алматы. 13 маусым, 2012 жыл.
Режиссер, қоғамдық белсенді Болат Атабаев Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция беріп отыр. Алматы. 13 маусым, 2012 жыл.
Театр режиссері Болат Атабаев және "Рух пен тіл" ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай 24 маусым, жексенбі күні Ақтаудағы тергеу абақтысына жеткізілді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова хабарлады.

Ол қазір тұтқындарға тамақ, керек-жарақ беру үшін абақтыда кезекте тұрғанын айтты. Дәрігерлер Мамай мен Атабаевтың денсаулықтары бірқалыпты екенін айтқан.

Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды 15 маусымда ҰҚК қызметкерлері үйлерінен тұтқындап әкеткен еді. Қаңтарда ол екеуіне және Владимир Козлов пен "Халық майданы" қозғалысының белсендісі Айжангүл Әміроваға "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағылған.
XS
SM
MD
LG