Accessibility links

Аннан: Иран мен Ирак Сириядағы саяси өзгерісті қолдайды


БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан (сол жақта) мен Иранның сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи. Тегеран, 10 шілде 2012 жыл.
БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан (сол жақта) мен Иранның сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи. Тегеран, 10 шілде 2012 жыл.
Иран мен Ирак Сирияда саяси өзгерістер жүргізу жоспарын қолдайды деп мәлімдеді БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан. Бұл туралы ол Сирия, Иран және Иракқа жасаған сапарының қорытындысы бойынша БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде айтты.

Аннан бұған дейін Сириядағы жағдайды бейбіт реттеуге Иранның да қатысуы керегін бірнеше рет айтқан. Бірақ оған Батыс елдері қарсы болып келді.

Ақ үйдің ресми өкілі Джей Карни кеше Сирия дағдарысын реттеуде Иранның роль атқармағанын айтты. Ал АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Сьюзан Райс Тегеранның президент Башар Асад режимін қолдайтынын айтып, Сириядағы дағдарысқа Иранның да қатысы бар екенін айтты.
XS
SM
MD
LG