Accessibility links

Мамай: Жаңаөзен ісінде ешкімге қарсы куәлік бермедім


"Рух пен тіл" қозғалысының белсендісі Жанболат Мамай баспасөз жиынында. Алматы, 13 шілде 2012 жыл.
"Рух пен тіл" қозғалысының белсендісі Жанболат Мамай баспасөз жиынында. Алматы, 13 шілде 2012 жыл.
Бүгін Алматыда "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айыппен Ақтауда қамаудан босатылған қоғамдық белсенді Жанболат Мамай баспасөз жиынын өткізді. Жиында Мамай мен Ақтаудан онымен бірге ұшып келген оппозициялық саясаткер Төлеген Жүкеев сөйледі.

Жиында Төлеген Жүкеев Жанболат Мамайды босатып алу үшін Астанаға барып, осы істе "шешім қабылдайтын өте ықпалды адамдармен кездескенін" айтты.

Мамайдың айтуынша, cот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сұрауымен оны қылмыстық кодекстің 65 бабы («шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») бойынша айыпталушыдан куәгер санатына ауыстырып, босатқан.

- Мен ешкімге қарсы куәлік берген жоқпын. Тек Жаңаөзенге барып, мұнайшылар алдында сөйлегенімді мойындадым және онда қан төгілгеніне өкініш білдірдім, - деді Мамай.

Маусымның 15-і күні ҰҚК театр режиссері Болат Атабаев пен «Рух пен тіл» ұйымының жетекшісі Жанболат Мамайды үйлерінен ұстап әкетіп, кейін этаппен Ақтауға жеткізген.

4 шілдеде Болат Атабаев Жаңаөзен ісінде айыпталушыдан куәгерге айналып, қамаудан босап шықты.
XS
SM
MD
LG