Accessibility links

Сирия Марокко елшісіне елге кіруге тыйым салды


Қақтығыстан қираған Хомс қаласы. 16 шілде 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Қақтығыстан қираған Хомс қаласы. 16 шілде 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Сирия үкіметі Марокко елшісін "елге кіруге рұқсат етілмейтін адам" деп жариялады. Бұдан бұрын ресми Марокко Сирия елшісін елден шығарған еді.

Марокко билігі таратқан мәлімдемеде сириялық елшіні елден шығаруға Сириядағы қақтығыс себеп болғанын айтады.

Өткен аптада Сирияның Ирактағы елшісі оппозиция жағына өтіп кеткен еді. Оған дейін президент Башар Асадқа жақын генералдардың бірі елден кетіп қалды.

Батыс елдері "бұл жайттар Башар Асадтың ел алдындағы ықпалының біртіндеп азайып бара жатқанын көрсетеді" деп санайды.

БҰҰ-ның дерегі бойынша, Сирияда қақтығыстар басталған 16 айдан бері 20 мыңнан астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG