Accessibility links

Бергей Рысқалиевтің ағасы парламент сессиясына қатыспады


Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев.
Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев.
Мәжіліс депутаты, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ағасы Аманжан Рысқалиев парламент палаталарының отырысына қатыспады деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Агенттік "Ақжол" партиясының жетекшісі Азат Перуашевтің партиялас әріптесінің парламент сессиясына не үшін келмегенінне қатысты түсінік беруден бас тартқанын айтады.

Азат Перуашев 31 тамызда "Аманжан Рысқали арнайы қызмет орындарынан бой тасалап жүр" деген ақпаратты жоққа шығарған еді. 31 тамызда Атырауда "Нұр Отан" партиясының облыстық активі жиынынан соң жергілікті депутаттар Бергей Рысқалиевті қолдап жазған хаттарынан бас тартқан.

20 тамызда ақпарат құралдарында Бергей Рысқалиевтің тұтқындалғаны жайында ақпараттар тараған. Бірақ ресми орындар кейін ол ақпарды жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG