Accessibility links

Германия америкалық пасторға виза беруден бас тартты


Америкалық пастор Терри Джонс.
Америкалық пастор Терри Джонс.
Германия үкіметі танымал америкалық пастор, исламға қарсы түсірілген фильмді қолдап пікір білдірген Терри Джонсқа виза беруден бас тартты.

Германия сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде оның сапары "елдегі қоғамдық тәртіпке зиянын тигізуі мүмкін" екені айтылған.

Терри Джонс 2006 жылы Құранды көпшілік алдында өртейтінін айтқан соң танымал болып кеткен. Оның бұл сөзі мұсылман елдерінде наразылықтар тудырған.

Германияға Джонсты Pro Deutschland деген шағын ұйым шақырған. Ұйым пасторды шақырып, таяуда АҚШ-та түсірілген исламға қарсы "Мұсылмандардың күнәсіздігі" атты фильмді көпшілікке көрсетпек болған.
XS
SM
MD
LG