Accessibility links

Ақтаудағы сотта жарыссөз кезеңі аяқталды


Екінші қатарда солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Екінші қатарда солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Ақтаудағы оппозиция белсенділері Владимир Козлов, Серік Сапарғали және мұнайшылар белсендісі Ақжанат Әминовтің үстінен жүріп жатқан сотта жарыссөз кезеңі аяқталды. Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісінде хабарланды.

Судья бүгін түстен кейін сотта айыпталушыларға соңғы сөз берілетінін мәлім еткен.

Оппозиция өкілдерінің соты 16 тамызда басталды. Оларға Жаңаөзен оқиғасына қатысты "әлеуметтік араздықты қоздырды" және "конституциялық құрылымды күшпен құлатпақ болды" деген айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG