Accessibility links

Beeline мен Kcell-дің кей қызметтері арзандады


Beeline ұялы байланыс түрінің логотипі. (Көрнекі сурет).
Beeline ұялы байланыс түрінің логотипі. (Көрнекі сурет).
"КарТел" (Beeline) және "GSM Қазақстан"/Kcell ұялы байланыс операторларының роумингті байланысына шығу құны төмендетілді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Мәжілістегі үкімет сағатында сөйлеген бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидулла Әбдірахмановтың айтуынша, аталған компаниялардың роуминг байланысына қосылу құнын тым қымбаттатып жіберу фактісі бойынша жүргізілген тергеу аяқталған.

Тергеуден соң роуминг байланысына қосылу құны 3 есеге, ал SMS құны 2 есеге арзандаған. Бұған дейін роуминг байланысына қосылу құны кемінде 15 мың теңге тұрса, қазір ол баға 3 мың 236 теңгеге дейін арзандады.

Агенттік басшысы қызмет құнын қымбаттатып жібергені үшін "Картел" компаниясына - 15 миллион, "GSM Қазақстан"/Kcell компаниясына - 280 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтады.
XS
SM
MD
LG