Accessibility links

Малала Юсуфзай емделуге Ұлыбританияға жіберілді


Малала Юсуфзай.
Малала Юсуфзай.
Пәкістан үкіметі Талибан сарбаздарының қастандығынан ауыр жараланған 14 жасар Малала Юсафзайды емделу үшін Ұлыбританияға жіберді. Юсуфзайды жеткізу үшін Біріккен Араб Әмірліктері бөлген арнайы ұшақ бүгін таңертең Исламабадтан ұшып шықты.

Пәкістан әскерилерінің ақпаратына қарағанда, оқушы қыз қастандықтан шеккен зардабынан толық айығу үшін ұзақ уақыт емделуі қажет.

Өткен аптаның сейсенбісінде елдің солтүстік-батысында Малала мен оның екі сыныптасына мектептен қайтып бара жатқанда Талибан сарбаздары шабуыл жасаған еді. Малаланың мойны мен басы оқтан ауыр жараланды. Ауруханада оның бас сүйегіне операция жасалып, оқты алып тастады.

Халықаралық қауымдастық жас қызға жасалған шабуылды қатаң айыптады.

11 жасынан бастап интернетте урду тілінде блог жаза бастаған Малала Юсуфзай жазбаларында талибтердің қатыгездігі туралы баяндаған.
XS
SM
MD
LG