Accessibility links

Пәкістанда дамушы мұсылман елдерінің жиыны ашылды


Пәкістан сыртқы істер министрі Хина Раббани D8 елдерінің жиынында сөйлеп тұр. Исламабад, 19 қараша 2012 жыл.
Пәкістан сыртқы істер министрі Хина Раббани D8 елдерінің жиынында сөйлеп тұр. Исламабад, 19 қараша 2012 жыл.
Исламабадта (Пәкістан) дамушы ірі сегіз мұсылман елі жетекшілерінің экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған төрт күндік форумы басталды. Дамушы сегіз елдің (Developing 8 немесе D8) құрамына Иран, Пәкістан, Түркия, Египет, Индонезия, Нигерия, Бангладеш және Малайзия кіреді.

Форумның ашылуында сөйлеген Пәкістан премьер-министрі Раджа Первез Ашраф дамушы сегіз елдің әлемдік тауар айналымындағы үлесі 2018 жылға қарай 500 миллиард АҚШ долларына жететінін айтты.

Ал сегіз ел президенттері 22 қарашада Исламабадта өтетін бір күндік саммитке қатыспақ.

Кездесу аясында сауда және бизнес форум өткізілмек.

D8 1997 жылы дамып келе жатқан мұсылман елдері арасында тығыз экономикалық байланыстар орнату үшін құрылған.
XS
SM
MD
LG