Ресей мемлекеттік думасы үшінші қаралымында "Дима Яковлев заңын" қабылдады. Заң жобасы ресейлік балаларды АҚШ азаматтарының асырап алуына тыйым салып, "ресейліктердің құқықтарын бұзды" делінген кез-келген ел азаматтарына қатысты шаралар қабылдауды қарастырады.
Құжатта бұған қоса Ресейде АҚШ-тан қаржыландырылатын саясатпен айналысатын, "елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деп танылған коммерциялық емес ұйымдар қызметіне тыйым салатын баптар бар. Жобаны 420 депутат қолдап, 7 депутат қарсы дауыс берген.
"Дима Яковлев заңы" АҚШ "Магнитский заңын" қабылдаған соң ұсынылған. "Магнитский заңына" сай ресейлік заңгер Сергей Магнитскийдің қазасына қатысы бар делінген ресейлік шенеуніктерге қарсы санкциялар салынады.