ҰҚК шекара қызметінің Астанадағы кезекшісі Азаттық радиосының тілшісіне 25 желтоқсан күні Шымкент маңында құлап түскен "ұшақ бортында болған 27 адамның бір де біреуінде тіршілік нышаны байқалмағанын" хабарлады.
Сейсенбі күні кешкі сағат 18.55-те Астанадан Шымкентке бет алған ҰҚК шекара қызметіне қарасты АН-72 ұшағының облыс орталығына 20 шақырым қалғанда апатқа ұшырағаны хабарланған еді.
ҰҚК-нің баспасөз қызметі ұшақта шекара қызметі директорының міндетін атқарушы полковник Тұрғанбек Стамбековтің де болғанын растаған.
Тұрғанбек Стамбеков бұл қызметке Арқанкерген шекара постында болған төтенше жағдайдан соң биылғы маусым айында кіріскен еді.