Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists) "Қазақстан үкіметі жоғалған журналист Тоқберген Әбиевтің қайда екенін анықтап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс" деген мәлімдеме таратты.
"Біз "Закон и правосудие" газетінің бұрынғы редакторы Тоқберген Әбиевтің жоғалып кеткеніне шынымен алаңдап отырмыз. Оның әріптесі Оралғайша Омаршанова да осыдан бес жыл бұрын із-түзсіз жоғалып, сол күйі табылмаған еді" дейді комитет бағдарламасының Еуропа және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Нина Огнянова.
Abiyev.kz сайтының жетекшісі Тоқберген Әбиев Астанада сыбайлас жемқорлыққа арналған баспасөз жиынын өткізу туралы мәлімдеген соң 20 желтоқсанда із-түзсіз жоғалып кеткен.