Accessibility links

АҚШ Google басшысының Пхеньянға сапарына наразы


Google компаниясының атқарушы хатшысы Эрик Шмидт. 27 желтоқсан 2012 жыл.
Google компаниясының атқарушы хатшысы Эрик Шмидт. 27 желтоқсан 2012 жыл.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд Google компаниясының атқарушы хатшысы Эрик Шмидтің Пхеньянға жоспарлаған сапарын сынап, одан "ешқандай пайда болмайтынын" айтты.

Нуландтың сөзіне қарағанда, Google басшылығы АҚШ үкіметінің сапарға қарсы екенінен хабардар. Ол Эрик Шмидт пен Нью-Мехико штатының бұрынғы губернаторы Билл Ричардсонның Солтүстік Кореяға қызмет бабымен емес, тек жеке азамат ретінде баруға болатынын ғана айтады.

Солтүстік Кореяға ядролық бағдарламасы мен зымыранды сынауына байланысты бірқатар халықаралық санкциялар салынған.
XS
SM
MD
LG