Умаралы Куватовтың Дубай түрмесінде жатып жариялаған аудио жазбаларын көмекшілері «биліктегі сыбайлас жемқорлықты әшекерейтін материал» деп атады.
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ӘШКЕРЕЛЕУ»
Куватовты Тәжікстан билігі «алаяқтық жасады» деп айыптағанын, ол өткен айда Дубайда жүрген жерінен түрмеге қамалып, енді Тәжікстанға экстрадицияланбау үшін күресіп жатқаны жайлы Азаттық жазған еді.
2013 жылы қаңтардың 10-ы күні жарияланған аудиожазбада Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның күйеу баласы Шамсулло Сохибов «Тәжікстанда атасының рұқсатынсыз ештеңе істей алмайтынына» ренжіп, Куватовқа шағым айтқан.
Ал 2013 жылы қаңтардың 13-і күні жарық көрген екінші жазбада Куватов «Сохибовтың» «Фароз» компаниясынан бас тартуды ұсынып, өзіне пара беретінін айтады. Куватов елден кетердің алдында осы компанияның тең қожайындарының бірі болған.
Ол әңгімені мына жерден тыңдай аласыз:
«ПАРА АЛМАСАҢ, ЖАУЫМСЫҢ»
Шамамен бір минутқа созылған жазбада Сохибов деп таныстырылған адам Куватовқа «мынау сенің заңды жолмен тапқан өз ақшаң» деп, қаражат ұсынып, «осыны алып, серіктес қатарынан шығасың» дейді. Содан соң әріптесін «бұдан кейін саған ешкім тиісе алмайды» деп жұбатады. Куватов айырбастың шарты туралы сұрағанда, Сохибов деп таныстырылған адам «компаниядан кетсең, уәдемде тұрамын, дос болып қаламыз» дейді.
2013 жылы қаңтардың 11-і күні Куватовтың көмекшісі Николай Николаев Азаттық радиосына Рахмонның туыстарын әшкерелейтін жазбаларды жарыққа шығарамыз деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, «Тәжікстан президентінің маңындағылар «Фароз» компаниясын қорқытып-үркіту жолымен тартып алған». Бұл компания Тәжікстан территориясы арқылы Ауғанстанға мұнай өнімдерін экспорттайды.
Өткен аптада «Фароз» компаниясының баспасөз хатшысы Сохибов есімді адамның компанияда қызмет етпегенін айтты. Олар «Куватовтың да компанияға қатысы жоқ» дейді.
Куватовтың өзінің айтуынша, ол Рахмон мен одақтастары басқаратын компаниялар желісін құру кезінде маңызды рөл атқарған.
Мақаланы ағылшын тілінен Динара Мәзен аударды.