Accessibility links

АҚШ азаматтары "Дима Яковлев заңына" наразы


Ресейлік заңгер Карина Москаленко.
Ресейлік заңгер Карина Москаленко.
Америкалық бір топ ата-ана АҚШ азаматтарының ресейлік балаларды асырап алуына тыйым салатын Ресей заңы үстінен адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотына шағым түсірді.

Олардың адвокаты, ресейлік заңгер Карина Москаленконың айтуынша, шағымды Ресейдің "Дима Яковлев заңы" қабылданбай тұрып бала асырап алуға сот рұқсат етпеген ата-аналар түсірген. Адвокат заңның сапасы мен дұрыстығына күмән келтіреді.

"Дима Яковлев заңы" АҚШ-та "Магнитский актісі" деп аталып кеткен заң қабылдаған соң мақұлданған. "Магнитский актісі" 2009 жылы абақтыда қаза тапқан ресейлік заңгер Сергей Магнитскийдің өліміне қатысы бар делінген Ресей шенеуніктеріне санкция салады.
XS
SM
MD
LG