Қазақстан шекара қызметі академиясының басшысы, генерал-майор Талғат Есетов қаза тапты. Жергілікті ақпарат құралдары оның "кабинетінде өзіне қол салып, атылып өлгенін" хабарлады. Кейбір деректерге қарағанда, Есетов өлер алдында хат жазып кеткен.
47 жастағы Талғат Есетов Мақаншы және Үшарал шекара отрядтарының, "Солтүстік" аймақтық басқармасының бастығы болып қызмет атқарған. 2009 жылғы наурызға дейін ол ҰҚК шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.