Accessibility links

TeliaSonera басшысы отставкаға кетті


TeliaSonera телекоммуникация компаниясының атқарушы директоры Ларс Нюберг.
TeliaSonera телекоммуникация компаниясының атқарушы директоры Ларс Нюберг.
Швецияның TeliaSonera телекоммуникация компаниясының атқарушы директоры Ларс Нюберг, өзбекстандық мобильдік байланыс операторымен жасалған келісімге қатысты жүргізілген тәуелсіз зерттеуден соң, отставкаға кетті.

Зерттеу қортындысында TeliaSonera компаниясының басшылығы өзбекстандық Takilant фирмасымен келісімге қол қоймас бұрын оның жағдайына жеткілікті көңіл бөлмегені атап көрсеткен. Сонымен бірге зерттеу жүргізген заң компаниясы «пара берілгені туралы дәлел жоқ» екенін мәлімдеген.

Бұған дейін батыс баспасөзінде Takilant компаниясының Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримовамен байланысы бар болуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді.

Журналистер TeliaSonera компаниясы Өзбекстан нарығына кіру үшін және 3G лицензияларына ие болу үшін Takilant фирмасымен 350 миллион доллардың келісімін жасаған кезде пара берілгені туралы күдік айтқан.
XS
SM
MD
LG