Accessibility links

Алматыда әйелдер «министрге қайыр жинауға» шықты


«Министрге қайыр» сұрап жүрген белсенді әйелдер. Алматы, 2 наурыз 2013 жыл.
«Министрге қайыр» сұрап жүрген белсенді әйелдер. Алматы, 2 наурыз 2013 жыл.
Бүгін Алматы қаласының орталық алаңдарының біріне шыққан бірнеше әйел флэш-моб өткізді. Кейбірі кішкентай бала ерткен, сырт киімнің үстінен «Біз босанғымыз келеді», «Өзіңді тонауға жол берме», «Біз күресеміз» деген жазуы бар ақ жейде киген әйелдер шара барысында «Мемлекетке көмектесіңізші!» деген сөздермен көшедегі жүргіншілерден қайыр сұрап, Қазақстан үкіметі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін әжуалайтын ән шумақтарын қосылып айтты.

Бір сағатқа жуық созылған флэш-моб барысында жиналған 9 мың теңге ақшаны әйелдер Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министріне жолдайтындарын мәлімдеді. ($1=150T)

Биыл ақпанның 17-сінен бастап Қазақстанда айлығы 186 мың теңгеден асатын әйелдерге жүктілік пен бала тууға байланысты берілетін бір реттік төлемді бұрынғы мөлшерінен қысқартуды көздейтін заң өзерісі күшіне енді. Бұған наразылық білдірген жүкті әйелдер Астана мен Алматыда көпшілік шаралар ұйымдастырып, бұл мәселеге қоғамның назарын аударды. Олардың бір тобы бұдан екі апта бұрын Астанада еңбек министрімен де кездесті.

Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда әлеуметтік сақтандыру қорына ақша аударатын 2 миллион 800 мың әйелдің 1,2 пайызы ғана 186 мың теңгеден көп айлық алады.

Сенбі күнгі шарадан Азаттық тілшісі түсірген видео:

"Мемлекетке жылу жинау"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:40 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG