Accessibility links

Референдум туралы жиын 16 наурызда Алматыда өтпек


ЖСДП-ның тең төрағасы Болат Әбілев. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
ЖСДП-ның тең төрағасы Болат Әбілев. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
Жалпыұлттық референдум өткізу туралы жиын Алматыда 16 наурызда өтетін болды деп жариялады бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) тең төрағасы Болат Әбілев Алматыдағы баспасөз жиынында.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, Болат Әбілев жиынға келетін делегаттарға қорқытып, жан-жақты қысым жасалып жатқанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, референдум өткізуге қатысты жиынға 500-ге тарта адам келмек.

Өткен жылдың қыркүйек айында оппозициялық саясаткерлер Болат Әбілев, Әміржан Қосанов, Зәуреш Баталова, Михаил Сизов, журналист Рысбек Сәрсенбай және басқалары бар бастамашыл топ елде референдум өткізуге шақырған еді. Топ референдумда бірнеше мәселені алға шығаруды көздейді. Олар: Қазақстанның Еуразиялық одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістікке қосылмауы, "заңсыз жекешелендіріліп кетті" делінген стратегиялық кәсіпорындарды (ENRC, "Қазақмыс", "Казцинк", Миттал Стил", "Халық банкі") мемлекетке қайтару және барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау мәселесі.
XS
SM
MD
LG