Accessibility links

Референдум өткізу жөнінде ынталы топ бекітілді


Референдум өткізу туралы жалпыреспубликалық жиын. Алматы. 16 наурыз, 2013 жыл.
Референдум өткізу туралы жалпыреспубликалық жиын. Алматы. 16 наурыз, 2013 жыл.
Алматыда референдум өткізу жөнінде жалпыреспубликалық жиын өтті. Онда Қазақстанның Кеден одағынан шығуы, жекешеленген банкі мен кәсіпорындардың кейбірін мемлекетке қайтару, АЭС және ядролық қалдық банкін салуға қатысты референдум өткізу мәселесі талқыланды.

Оған елдің барлық дерлік аймақтарынан өкілдер мен делегациялар қатысқаны хабарланды. Алайда кейбір облыстарда делегаттардың жолға шығуына кедергі жасалғаны да айтылды.

Сөз сөйлегендер референдумге себеп болған мәселелерге қатысты биліктің саясатын сынады.
Жиын аяқталғаннан кейін саяси белсенді Болат Әбілевті (оң жақта) прокуратура өкілі (сол жақта) күтіп алды. Алматы. 16 наурыз. 2013 жыл.
Жиын аяқталғаннан кейін саяси белсенді Болат Әбілевті (оң жақта) прокуратура өкілі (сол жақта) күтіп алды. Алматы. 16 наурыз. 2013 жыл.

Жиында референдумды өткізу жөнінде ынталы топ құрамы бекітілді.

Рұқсат етілген жиын "Қазақконцерт" залында өтті. Жиналыс өтіп жатқанда сол маңда полицияның шағын автобустары байқалды. Жиын тарқайтын кезде прокуратура өкілдері оны ұйымдастырушыларға келіп ескерту жасады.

Жиын соңынан делагаттар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, әруақтарға бағыштап Құран оқытты.
XS
SM
MD
LG