Accessibility links

Гүлнара Каримова өзбек вице-премьерін айыптады


Өзбекстан вице-премьері Рустам Азимов.
Өзбекстан вице-премьері Рустам Азимов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова премьер-министрдің орынбасары әрі қаржы министрі Рустам Азимовке тағы да айыптады.

Каримова өзінің Twitter-дегі аккаунтында "вице-премьердің байлығы 4 миллиард АҚШ долларын құрайтынын" жазып, ол ақша заңсыз жолмен келген болуы мүмкін деген жорамал айтты. Ол бұған қоса желідегі басқа да қолданушылардың Азимовты "қаржы жымқыру әдісін жасаған алаяқ" деп айтқан жазбаларын да келтірген.

Гүлнара Каримова Азимовты Twitter-де өткен айда да "мемлекеттік тендерді өткізу кезінде алаяқтық жасады" деп айыптаған еді.

55 жастағы Рустам Азимов вице-премьер қызметін 2008 жылдан бері атқарып келеді. Көпшілік оны 75 жастағы президент Ислам Каримовтың мұрагері болуы мүмкін деп санайды. Халық 40 жастағы кәсіпкер, бұрынғы дипломат Гүлнара Каримованы да президенттіктен үміті бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG