Accessibility links

Мәжіліс зейнетақы туралы заң жобасын мақұлдады


Парламент мәжілісі. Астана.
Парламент мәжілісі. Астана.
Сәрсенбіде мәжіліс "Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын алғашқы оқылымында мақұлдады.

Құжатта әйелдердің зейнетке шығу жасын 2014 жылдан бастап 10 жыл ішінде жылына жарты жылға ұлғайтып, қазіргі 58 жастан 63 жасқа дейін жеткізу қарастырылған.

Жобада бұған қоса "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" негізінде біртұтас жинақтаушы зейнетақы қорын құру да қарастырылған. Біртұтас қордың құрушысы мен акционері үкімет болады. Оның зейнетақы активтеріне ұлттық банк басшылық жасайды.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбенов жобада жұмыскердің зейнетақы қорына жалақысының 5 пайызы көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын аудару мәселесі де қамтылғанын айтқан.

Қазақстанда қазір ерлер зейнет демалысына 63 жаста, ал әйелдер 58 жаста шығады.
XS
SM
MD
LG