АҚШ Федералды тергеу бюросы (FBI немесе ФБР) президент Барак Обамаға улы зат салынған конверт жіберді деген күдікті ер адамның ұсталғанын хабарлады. Күдікті Миссисипи штатында 17 сәуірде ұсталған.
Арнайы қызмет күдіктіні Миссисипи штаты, Коринф қаласының 45 жастағы тұрғыны деп сипаттайды. Бірақ оның аты-жөні аталмай отыр. FBI өкілдері Обама мен Миссисипи штатынан сайланған сенатордың атына келген у салынған конверттердің Миссисипиге көршілес Теннесси штатының Мемфис қаласынан жіберілгенін анықтағандарын айтады.
16 сәуірде Ақ үйдің сыртындағы тексеру орнында конверттен құрамы түсініксіз зат табылған еді. Дәл сол күні сенаторлардың біріне жіберілген хаттан да рицин уының табылғаны хабарланған.
Күдікті конверттер 15 сәуір күні Бостон марафоны кезінде болған жарылыстан соң табылып отыр. Ол жарылыс кезінде 3 адам қаза тауып, 170-тен астам адам жараланған.