Азаттық тілшісі Том Бэлмфортпен және Associated Press тілшісімен сөйлескен Анзор Царнаев (күдіктілердің әкесі) 15 сәуір күні Бостонда 3 адамды мерт қылып, 180-дей адамды жаралаған жарылысқа ұлдарын айыптаудың еш қисыны жоқ екенін айтты.
– Маған нағыз шындық керек. Америка полициясы мен арнайы қызметінен сұрайтын нәрсем көп. Мен өзім де заңгермін. Қылмысқа, терроризмге байланысты сауалдарым көп, – деді Анзор Царнаев 21 сәуір күні.
КҮДІК
Массачусетс штатының губернаторы Деваль Патрик 21 сәуір күнгі сөзінде Бостондағы бейне бақылау камераларының видеосына сілтеме жасай отырып, бомба жарылардан бұрын рюкзагын асынған Джохар Царнаевтың сол маңнан жайбарақат кетіп бара жатқанын айтқан. «Оның бұл іске қатысы бары анық» деген еді губернатор.
Ресей билігі 26 жастағы Тамерланның 2011 жылы терроризм күдігіне ілінгенін айтқан. Әке-шешелері шешен (көршілерінің айтуынша, авар) ағайынды Царнаевтардың Солтүстік Кавказдағы исламшыл содырлармен байланыстары бар деп хабарланған.
Бірақ 21 сәуір күні Солтүстік Кавказдағы исламшыл қарсылық қозғалысы – «Имарат Кавказ» интернет арқылы мәлімдеме таратып, Бостондағы жарылысқа еш қатыстары жоқ екенін айтты.
Әкесі Анзордың айтуынша, Тамерлан Царнаев 2012 жылдың қаңтарында Ресейге келіп, алты айдай сол елде болып, әкесімен бірге Махачкаладағы туыстарын аралаған, Шешенстанға барған.
- Менімен бірге Шешенстанға екі рет барды, ағам мен апайыма амандасуға барғанбыз. Ол жақта туыстарым көп. Бәрі де құлшылық етеді, оларды жұрттың бәрі таниды. Шешенстаннан ешқашан кетпеген. Соғыс кезінде де сонда тұрды, - дейді Анзор Царнаев.
Махачкалада дүкен ұстайтын, өзін Мадина деп таныстырған адамның айтуынша, Тамерлан былтыр жазда Царнаевтар әулетінің үйінде бір ай аялдаған.
Анзор Царнаевтың айтуынша, ол Тамерланның ешбір экстремистік ниетін байқамаған.
– [Тамерлан Царнаев] ешқандай [радикал] нәрселер айтпады. Мұны кім шығарғанын білмеймін. Махачкалада менімен бірге жүргенде түскі сағат үшке дейін ұйықтайтын. «Мұнда ұйықтауға келіп пе едің» деп түртіп оятатынмын. Туыстарымызға ертіп баратынмын, тамақ ішіп келген соң тағы ұйықтайтын, – дейді ол.
Мамандығы заңгер Анзор Царнаев АҚШ билігінен қайтсе да бір жауап алатынын айтады. Ол ұлдарын ақтап, Тамерлан мен Джохардың ешбір радикал исламшыл топтарға қатысы жоқ екендерін мәлімдеді.
«АРАН»
Күдіктілердің анасы Зубейдат Царнаева күйеуі Анзор Царнаевтың мықты адвокат жалдап, АҚШ-қа барып, әділдікке жететінін айтады.
– Онда әлі талай нәрсе айтылады. Оны жұрттың бәрі естиді. Ол мұны істейді. Әуелі сонда көз жұмған ұлымызды [Тамерлан Царнаевты] үйге әкелуіміз керек. Кіші ұлымызды [Джохар Царнаевты] әліміздің жеткенінше қорғаймыз. Оларға ешқашан баламды өлтіруге беріп қоя алмаймын, – деді Зубейдат Царнаева.
Күдіктілердің анасы 19 сәуір күні полициямен атыста оққа ұшып қайтыс болған үлкен ұлы Тамерланның «соңғы бес жылы бойы ФБР-дің аңдуында жүргенін», оны кінәлі деуге айғақ жоғын айтты. Зубейдат Царнаеваның 21 сәуір күнгі сөзінше, екі ұлы АҚШ билігінің «аранына түскен».
Сол күні Бостонның мэрі Том Менино 19 жастағы ауыр жаралы күдікті, қазір Бостон ауруханасында жатқан Джохар Царнаевтың ешқашан жауап бере алмауы мүмкін екенін де айтты.