Accessibility links

Андрей Цуканов 7 тәулікке қамалды


Жұмыртқа лақтыруға министрдің жауабы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:59 0:00

Жұмыртқа лақтыруға министрдің жауабы. Алматы, 26 сәуір 2013 жыл.

Алматы қаласы әкімшілік соты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке жұмыртқа лақтырған белсенді Андрей Цукановты 7 тәулікке қамауға шешім шығарды.

Андрей Цукановқа "ұсақ бұзақылық жасады" деген айып тағылған.

Министр Серік Әбденов бүгін Алматыға зейнетақы реформасы туралы заң жобасын түсіндіру үшін келген еді. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында журналистермен кездесуінде наразылығын білдірген қарағандылық белсенді Андрей Цуканов министрге үш шикі жұмыртқа лақтырған.
XS
SM
MD
LG