Accessibility links

Назарбаев, Путин және Лукашенко Астанада кездесті


Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Владимир Путин. Астана, 29 мамыр 2013 жыл.
Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Владимир Путин. Астана, 29 мамыр 2013 жыл.
Бүгін Астанада Қазақстан, Беларусь, Ресей президенттері қатысқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммиті басталды. Кеңес - осы үш ел құрған Кеден одағының басқарушы органы.

Саммит қарсаңында Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин жеке кездесулер өткізген еді. Кездесуде Путин Астана мен Мәскеудің байланысы "тиімді екенін" айтып, Назарбаевты "интеграциялық процестердің көшбасшысы" деп атаған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Беларусь президенті Александр Лукашенко арасындағы келіссөздерде негізінен 2015 жылға қарай Еуразия экономикалық одағын құру жоспары талқыланбақ.

Кеңес жұмысына Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Украина президенті Виктор Янукович те қатысып отыр. Қырғызстан алдағы уақытта Кеден одағына кірмек ниетте. Ал Украина одақтың бақылаушы мемлекеті деген мәртебе алғысы келеді.
XS
SM
MD
LG