Accessibility links

Грузияның экс-премьеріне жаңа айып тағылды


Грузия экс-премьері Вано Мерабишвили (ортада) сотқа келе жатыр. Кутаиси, 22 мамыр 2013 жыл.
Грузия экс-премьері Вано Мерабишвили (ортада) сотқа келе жатыр. Кутаиси, 22 мамыр 2013 жыл.
Грузияның қамаудағы бұрынғы премьер-министрі Вано Мерабишвилиге жаңа айып тағылды. Бас прокуратураның хабарлауынша, оған "2011 жылы мамырда Тбилисиде болған митинг кезінде қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген айып тағылған.

Ел президенті Михаил Саакашвилидің "Грузия" біртұтас ұлттық қозғалысының бас хатшысы Мерабишвили өткен аптада тұтқындалған еді. Оған әуелі "қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдаланды, сайлаушыларды сатып алды" деген айып тағылған.

Сейсенбіде Грузияның бірнеше қаласында Мерабишвилидің жақтастары наразылық акциясын өткізіп, экс-премьердің дереу босатылуын талап еткен. Ал парламенттегі "Грузия" біртұтас ұлттық қозғалысынан сайланған депутаттар парламент отырысына бойкот жариялаған.
XS
SM
MD
LG