Accessibility links

Украинада "Хизб-ут-Тахрир" өкілдері митинг өткізді


"Хизб-ут-Тахрир" митингісі
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

"Хизб-ут-Тахрир" мүшелері ұйымдастырған митинг. Симферополь, Украина, 6 маусым 2013 жыл.

Украинаның Симферополь қаласында исламшыл радикалды "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының жүздеген белсендісі Осман халифатының құлағанына 89 жыл толуына орай рұқсат етілмеген акция өткізді. Акцияға шамамен 1500-ге тарта адам қатысты.

Осман халифаты ресми түрде 1924 жылы, Түркияның зайырлы билігі дінді мемлекеттен бөлген соң құлаған еді.

Қырым автономиялы республикасының премьері Анатолий Могилевтің айтуынша, рұқсат етілмеген митингіні ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірақ ол Қырым үкіметі радикалды "Хизб-ут-Тахрир" ұйымы қызметіне тыйым сала алмайтынын, себебі ондай шешімді тек Украина парламенті ғана қабылдайтынын айтады.

"Хизб-ут-Тахрир" - орталығы Лондонда орналасқан сүнниттік саяси ұйым. Ұйым "барлық мұсылман елдерін ислам халифатына біріктіруді мақсат тұтатынын" айтады. Қырғызстан, Қазақстан және постсоветтік елдердің бірқатары "Хизб-ут-Тахрирдің" қызметіне тыйым салған.
XS
SM
MD
LG