Accessibility links

Путин Сноуденге шарт қойды


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 1 шілде 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 1 шілде 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қуғындағы бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден "бір шартты орындаса, Ресейде қала алатынын" мәлімдеді. Путиннің айтуынша, Сноуден "америкалық әріптестеріне қарсы жұмыс істеуін доғаруы тиіс".

Путин "Сноуден Ресей арнайы қызметімен бірге жұмыс істеп жатыр" деген пікірлерді жоққа шығарды. Оның сөзінше, Сноуден өзін "адам құқықтары үшін күресуші" деп санайды.

Эдвард Сноуден америкалық барлау қызметінің электронды және телефон байланыстарына тыңшылық жасайтын бағдарламасы туралы ақпаратты жария еткен еді. Бағдарлама үлкен халықаралық жанжал тудырып, АҚШ-тың одақтастары да оған наразылық білдірген.

Владимир Путин Мәскеу Сноуденді АҚШ-қа беруге ынталы емес екенін, "Ресей ешқашан ешкімді ұстап бермейтінін" айтты.
XS
SM
MD
LG