Accessibility links

Жеті қазақстандық боксшы Азия чемпионы атанды


Азия чемпионы Данияр Елеусінов (сурет Қазақстан бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)
Азия чемпионы Данияр Елеусінов (сурет Қазақстан бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)
Иорданияның Амман қаласында 8 шілде күні аяқталған бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті алтын, бір күміс иеленіп, бірінші орынға шықты.

49 килограмда Теміртас Жүсіпов финалда үндістандық Девендро Лайшрамды жеңіп, жарыстағы алғашқы алтынға қол жеткізді.

60 килограмда рингке шыққан Берік Әбдірахманов Арди Сайломды (Таиланд) ұтып, Азия чемпионы атанды.

64 килограмда Мерей Ақшалов Моңғолия боксшысы Уранчимег Мунгх-Эрденді жеңіп, ол да Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды.

69 килограмм салмақта қазақстандық Данияр Елеусінов пен Мандип Жандра (Үндістан) арасындағы финалдық кездесуде үш төрешіде жеңісті қазақ боксшысына берді.

75 килограмда Жәнібек Әлімханұлы да Азия чемпионы атанды. Ол финалда тәжікстандық Навруз Джафоевты жеңді.

91 килограмда Антон Пинчук шешуші кездесуде иорданиялық Иахаба Алматбулиді ұтып, Азия чемпионы атағына ие болды.

Ауыр салмақ боксшысы Иван Дычко финалда өзбекстандық Изатулла Ергашевпен жекпе-жек шықты. Қазақстандық спортшы айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

81 килограмда Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Азия чемпионатында да екінші орын алды. Ол финалда өзбекстандық Ойбек Мамазулуновтан ұтылып қалды.

Қазақстан құрамасы 1-8 шілде арасында Иорданияда өткен Азия чемпионатында 7 алтын, 1 күміс медаль алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы 1994, 1995, 2004 жылдары Азия чемпионатында үздік команда атанған.
XS
SM
MD
LG