Тиісті құжаттары жоқ болғандықтан Мәскеудегі Шереметьево әуежайының транзит аймағынан шыға алмай отырған АҚШ қауіпсіздік қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуден әзірге сонда болады. Бұл туралы онымен сәрсенбі күні кездескен адвокат Анатолий Кучерена мәлімдеді.
Бұған дейін адвокат Кучерена Сноуденге Ресей жеріне енуіне мүмкіндік беретін құжаттар тапсырмақ деп хабарланған еді.
24 шілде күні Вашингтонда Ақ үй өкілі Джей Карни АҚШ бұрынғысынша Ресейден Сноуденді беруді сұрап отырғанын мәлімдеді. 23 маусым күні Ресей астанасына Гонконгтен ұшып келген Сноуден өткен аптада Ресей үкіметінен уақытша баспана сұраған. Ресей федералдық қызметі оның өтініші үш ай мерзім ішінде қаралатынын мәлімдеген.
Ресей президенті Владимир Путин «Сноуден Ресейде қалғысы келсе АҚШ-қа қарсы ақпарат таратуды доғаруы керек» деп мәлімдеген. Эдвард Сноуденге АҚШ-та барлау қызметінің құпия бағдарламасын әшкерелегені үшін «тыңшылық жасады» деген айып тағылып, іс қозғалған.
Биыл Эдвард Сноуден АҚШ арнайы қызметінің түрлі елдердегі азаматтардың интернеттегі және телефондағы байланыстарын жасырын тыңдайтын құпия бағдарламасын жұртшылыққа жария еткен. Бағдарлама халықаралық деңгейде жанжал тудырып, АҚШ-тың одақтастары да оған наразылық білдірген.