Accessibility links

Отандық көлік мінетін шенеуніктер аз


Алматы шенеунігінің көлігі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00
Жүктеп алу

Алматы шенеунігінің көлігі

Қазақстан мен Ресей президенттері шенеуніктердің отандық көлікке мінуін талап еткен сайын қымбат бағалы шетелдік көліктерге сұраныс арта түскендей.

Ресей президенті Владимир Путин шенеуніктердің қызметтік көлігін "Мерседес" пен BMW-ден жергілікті ЗиЛ-дерге ауыстыру туралы ұсыныс айтқан. Содан бері президент мінетін қызметтік лимузин жасау бойынша бейресми байқауға ЗиЛ, ГАЗ және "Марусья моторс" компаниялары қатысып, дизайндарын ұсынып жатыр. Соңғы 8 жылда бір де бір жолаушыларға арналған көлік жасамаған ЗиЛ-дің жобасы Путинге ұнамай қалған. Ал "Марусья моторстың" ресейлік Cardesign сайтымен бірлесе жариялаған байқауында Ярослав Яковлев пен Бернд Уил атты екі дизайнердің төмендегі үлгісі жеңімпаз болып шыққан. Путин әзірше бұл жобаға қатысты пікір білдірмеген.




Ал Владимир Путиннің әзірше тек "Мерседестен" тұратын кортежі әлеуметтік желілерде жиі әжуаланып жатады. Мысалы Шешенстанға барған сапарында оның көлігін алды-артынан күзетіп жүйткіп бара жатқан автокеруеннің ұзындығы да біраз әзіл тудырған.



НАЗАРБАЕВША ТЫЙЫМ САЛУ

Қызметтік лимузин болмаса да шенеуніктердің Қазақстанда құрастырылған отандық көлік мінуі туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев та әркез айтып келеді. Мәселен 2012 жылы шілде айында Астанада «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» атты ұранмен өткен индустриялық форумда Қазақстан президенті: «Мен ұлттық компанияларға отандық автокөліктерді сатып алу туралы тиісті тапсырмаларды бердім. Әнеки, олар көрмеде тұр. Жеңіл, жүк машинасы, полиция көлігі, шенеунікке арналғаны – бәрі бар» деген. Назарбаевтың «отандық» деп тұрған маркасы – Қазақстанда құрастырылатын Skoda автомобильдері болатын.

Президент ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс министрлігі мен төтенше жағдайлар министрлігінен басқа мекемелер техниканы әлі шеттен алатынын, «Мерседеспен» ғана жүргісі келетінін айтып, бюджет ақшасын шетелдік көлікке жұмсауға тыйым салған. Бірақ, оның бұл сөзіне шенеуніктер ғана емес, Қазақстан парламентінің депутаттары да құлақ аса қоймаған сияқты. 2013-2015 жылдарға арнап депутаттар парламент автопаркін жаңартуға қатысты жапониялық 13 «Тойота Камри- 50» көлігін, 2 «Тойота Лэнд Крузер» джипін және «отандық» деген анықтамасы бар 15 Skoda автокөлігін сатып алу үшін республикалық бюджеттен 260 миллион теңге сұраған.

Азаттықтың Астанадағы тілшісі Үкімет үйінің маңында түсірген және Алматыдағы тілші түрлі мемлекеттік мекемелер қасынан түсірген видеокөріністер бюджеттік ұйымдардың төңірегінде әлі де мемлекеттік нөмірлі шетелдік автокөліктер қаптап тұрғанын көрсетеді.

Шенеуніктер көлігі
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:48 0:00
XS
SM
MD
LG