Accessibility links

Алматыда пойыз соқтығысып, ондаған адам жарақат алған


Жолаушылар пойызының вагоны. Көрнекі сурет.
Жолаушылар пойызының вагоны. Көрнекі сурет.
Алматы қаласындағы"Алматы-2" теміржол вокзалында екі пойыз соқтығысып, 50-ге жуық адам әртүрлі деңгейде жарақат алған. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Төтенше оқиға жексенбі күні жергілікіті уақытпен сағат 18.30 шамасында болған. Теміржолдағы жолаушылар мініп жатқан «Алматы-Новосибирск» бағытындағы пойызға өзге бір бос жолаушылар пойызы келіп соқтығысқан.

Зардап шеккендердің көпшілігі жеңіл жарақат алған. Бес адам - теміржолдың 4 қызметкері мен бір жолаушы ауруханаға түскен. Жолаушылар пойызының екі вагонына зақым келген. Оқиға салдарынан «Алматы-Новосибирск» пойызы кестедегі уақытынан бірнеше сағатқа кешігіп шыққан.

Көлік прокуратурасы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG