Accessibility links

Иранның уран байыту құрылғысы 18 мыңға жетті


Иранның уран байытатын центрифугалары мемлекеттік телеарнадан көрсетілді. 15 ақпан 2012 жыл.
Иранның уран байытатын центрифугалары мемлекеттік телеарнадан көрсетілді. 15 ақпан 2012 жыл.
Иранның уран байытатын центрифугаларының саны 18 мыңға жетті. Бұл туралы сенбі күні Иранның ядролық бағдарламасының басшысы Ферейдун Аббаси-Давани хабарлады.

Аббаси-Давани Иранның уран байытатын 17 мың "алғашқы буын" центрифугалары (IR-1) бар екенін, оның 10 мыңы жұмыс істеп тұрғанын, 7 мыңы іске қосуға дайын екенін мәлімдеген.

Аббаси-Давани бұлардан бөлек, 1 мың жаңа центрифуганың уран байытуға кірісуге дайын тұрғанын айтқан. Иран таратқан мәліметтер бойынша, жаңадан жасалған 1 мың центрифуга алдыңғы буын құрылғыларына (IR-1) қарағанда уранды бірнеше есе тез байытады.

16 тамыз күні Иранның жаңа президенті Хассан Роухани Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзді жүргізетін Тегеран өкілі ретінде бұрынғы сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехиді тағайындады.

АҚШ және оның одақтастары Иран ядролық қару жасауға ұмтылып отыр деп қауіптенеді. Тегеран оны жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG