Accessibility links

АҚШ: Химиялық қару талабын бұзған ел жауап береді


Ақ үй, Вашингтон, АҚШ.
Ақ үй, Вашингтон, АҚШ.
АҚШ Сирияға қарсы әскери операцияны Ұлыбританияның қатысуынсыз-ақ, жалғыз өзі жүргізе алады деп мәлімдеді АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Кэйтлин Хэйден.

Бірақ «АҚШ бұл мәселеге байланысты Ұлыбританиямен кеңесіп отыратынын» айтқан Ақ үй өкілінің сөзінше, президент Барак Обама Сирияға қатысты шешім қабылдағанда АҚШ-тың мүддесін басшылыққа алады.

«Президент қазіргідей жағдайда АҚШ-тың негізгі мүдделері таразыға салынып отыр деген пікірде. Ол химиялық қаруды қолданбау туралы халықаралық талаптарды бұзған елдер жауап берулері керек деп санайды» деді Хэйден.

Сәрсенбіде БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі Сирия қатысты мәжіліске жиналып, келісімге келе алмаған. Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге Ресей қарсылық танытты.

Бейсенбі күні кешке Ұлыбритания парламенті Сирияға әскери операцияға бастауға қарсы шешім қабылдаған.

21 тамызда Дамаск маңында болған қақтығыста, болжамға қарағанда, химиялық қару қолданылып, 350-ге тарта адам қаза тапқан. Тағы 1 мың 300-ге тарта адам уланып, ауруханада жатыр. Сириялық көтерілісшілер химиялық қаруды Башар Асад үкіметі қолданды деп айыптайды. Дамаск оны жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG