Accessibility links

Харламов қолхат жазып босап шықты


Журналист әрі құқық қорғаушы Александр Харламов тергеу изоляторы алдында тұр. Өскемен, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Журналист әрі құқық қорғаушы Александр Харламов тергеу изоляторы алдында тұр. Өскемен, 4 қыркүйек 2013 жыл.

Журналист әрі құқық қорғаушы Александр Харламов ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, тергеу изоляторынан босатылды. Оны «діни араздықты қоздырды» деп айыптап, психиатриялық сараптамадан мәжбүрлі түрде өткізді.

Журналист, құқық қорғаушы Александр Харламов қыркүйектің 4-і күні кешке Өскемен қаласының тергеу изоляторынан (СИЗО) шыққанын Азаттық тілшісіне өзі хабарлады. Қамауға алынғаннан кейін бес ай өткен соң оған отбасына, Риддер қаласына оралуға рұқсат берді.

– Қазір СИЗО-ның жанында суретке түсіп жатырмыз. Жанымда адвокат Мағауия Тәукенов пен Қазақстан адам құқықтары бюросының Шығыс Қазақстан
Александр Харламов (сол жақта) пен Қазақстан адам құқықтары бюросы Шығыс Қазақстан облысы филиалының жетекшісі Қуат Рахымбердин тергеу изоляторы алдында тұр. Өскемен, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Александр Харламов (сол жақта) пен Қазақстан адам құқықтары бюросы Шығыс Қазақстан облысы филиалының жетекшісі Қуат Рахымбердин тергеу изоляторы алдында тұр. Өскемен, 4 қыркүйек 2013 жыл.
облысындағы филиалының жетекшісі Қуат Рахымбердин бар, – дейді Александр Харламов.

«Денсаулығы ептеп жақсы екенін, қол қусырып отырмайтынын» айтқан Александр Харламов:

– Риддерге жеткен бетте тергеушіге барып компьютерімді аламын. Осы уақыт ішінде жинақталып қалған көп ойларымды жазамын, – дейді.

Ол «адвокатының кәсіби шеберлігі мен жұршылықтың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың көмегінің арқасында түрмеден шыққанын» айтады. Харламовтың айтуынша, ойдан шығарылған іс туралы ақпарат құралдарында тараған ақпараттың арқасында ол жұрттың үлкен қолдауына ие болды. Ол әсіресе Азаттық редакциясына айрықша алғыс айтуды өтінді.

Риддер қаласының соты қыркүйектің 3-і күні кешке Александр Харламовқа қатысты қамауда ұстау шарасын қала прокурорының ұсынысы бойынша ешқайда кетпеу қолхатына ауыстыру туралы қаулы шығарды.

Адвокат соттың қаулысын Риддерден түске дейін алып, бірден СИЗО әкімшілігіне көрсеткенімен, сот қаулысында «қамаудан дереу босатылсын» деп
Александр Харламов (оң жақта) пен адвокаты Мағауия Тәукенов тергеу изоляторы алдында тұр. Өскемен, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Александр Харламов (оң жақта) пен адвокаты Мағауия Тәукенов тергеу изоляторы алдында тұр. Өскемен, 4 қыркүйек 2013 жыл.
жазылғанымен, Харламовты түрмеден босату бұл күні біразға созылып кеткен.

– Сот қаулысында «қаулыға қатысты үш күн ішінде шағымдануға болады» деп жазылған сөзге бола Харламовты босату біраз уақытқа созылып кетті. СИЗО-ның арнайы бөліміндегілер «қаулы әлі күшіне енген жоқ» деп, осы сөздерге жабысып алды. Бірақ ақыры оларды көндірдім, – дейді адвокат.

Риддер қаласында тұратын журналист әрі құқық қорғаушы Александр Харламов «діни араздықты қоздырды» деген айыппен биылғы наурыз айынан бері қамауда отырды. Бұрын прокурор соттан Александр Харламовты төрт жылға түрмеге кесуді сұрағанымен, көп айға созылған сергелдең қазір оның ісін қайта тергеуге жіберумен аяқталды.

Қазір Александр Харламов заң жүзінде тергеуде жүрген адам болып есептеледі. Оған тағылған «Дін туралы ойларын түрлі мақалалар жазу арқылы таратып, діни араздықты қоздырды» деген айып бұрынғы күйінде қалды. Александр Харламовтың жақтастарының айтуынша, ол адам құқығын қорғау қызметіне байланысты, жергілікті арнайы қызметті сынағандықтан қуғынға ұшыраған.

Александр Харламов қамауда отырған кезде оны екі мәрте (облыстық және республикалық) психиатриялық сараптамадан өткізді. Өскеменде өткізілген сараптама «оның психикасы дұрыс емес» деген ұйғарым жасады. Алайда Алматыда өткен республикалық сараптама оны «ақыл-есі дұрыс» деп тапты. Ол Алматыда психиатриялық сараптамадан өту үшін Өскемен мен ортада арнайы вагонда талай күнді басқа тұтқындармен бірге өткізді.

АҚШ-тың әлемдегі дін еркіндігі мәселелері жөніндегі комиссиясы шілде айында Қазақстан билігін Харламовты қамаудан босатуға шақырды. Human Rights Watch халықаралық ұйымы Қазақстан билігін Харламовтан қылмыстық айыптауларды алып тастап, өзін дереу босатуға шақырды. Қазақстанның құқық қорғау ұйымдары оны саяси тұтқын деп жариялады.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG