Ресей президенті Владимир Путин "The New York Times" басылымына 12 қыркүйекте шыққан мақаласында "АҚШ-тың Сирияға шабуылы әлемдік тәртіпті өзгертіп, терроризмнің жаңа толқынын тудырады" деп жазды.
Путин "Ықпалды елдер БҰҰ мен оның Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатынсыз әрекет ете берсе, бұл ұйым Ұлттар Лигасының тағдырын құшады" дейді. Ұлттар Лигасы 1946 жылы тарап кетіп, оның орнына БҰҰ құрылған еді.
Путин "әскери шабуыл Иранның ядролық қаруы жөніндегі келіссөздерді тоқтататынын, Израиль-Палестина қақтығысын одан ары ушықтырып, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды шиеленістіретінін" ескерткен.
Ресей президентінің бұл мәлімдемелері АҚШ-тың Сирияға шабуылын болдырмау мақсатында жарияланды. Бейсенбі Ресей мен АҚШ арасында Сирияның химиялық қаруын жою туралы келіссөздер басталуы тиіс.
Дамаск химиялық қаруын халықаралық бақылауға беруге келісіп отыр. Ал АҚШ президенті Барак Обама дипломатиялық келіссөздерге мүмкіндік беру үшін Сирияға шабуылды шегере тұратынын айтты.
Путин мақаласында "21 тамызда Сирияда болған химиялық шабуылды көтерілісшілер жасады деуге толық негіз бар" дейді. Ал Вашингтон бұдан бұрын Дамаск маңында тұратын "1 мың 400 бейбіт тұрғын қаза тапқан химиялық шабуылды Сирия үкіметі жасады" деп мәлімдеген.
Путин бұдан ары "Американың ешқандай да ерекше мұраты жоқ" екенін жазған. "АҚШ-ты әлемдегі миллиондаған адам демократияның үлгісі емес, тек күшке сүйенетін ел ретінде біледі" дейді Ресей президенті.
Сейсенбі күнгі сөзінде Обама "Америка мұраттары мен қағидаларына Сирияда қауіп төніп тұр" деген еді. Ол Асад режимін химиялық қару қолданды деп айыптай келе, "Американың ерекше мұраты бар. Ол - ақиқат үшін күресу" деп мәлімдеген.
Ақ үйдің ресми өкілі Джей Карни Обаманың сөзін түсіндіріп, "Екі күн бұрын Сирия тіпті химиялық қарудың бар екенін мойындамай отырған еді" деді.
Путин комментарийлері Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Женевадағы кездесуінің қарсаңында жарияланды. Женева келіссөздерінің қаншаға созылатыны әзірге белгісіз.
Лавров Қазақстанға барған сапарында келіссөздерге БҰҰ эксперттері мен Араб елдерінің лигасы өкілдері қатысатынын айтты.
- Біз Сирияның Химиялық қаруға тыйым салу конвенциясына қосылуына ықпал етуіміз керек. Сирия химиялық қаруларды қайда сақтап отырғанын, химиялық қару бағдарламаларын көрсетуі тиіс. Оларды көргеннен кейін эксперттер қандай шаралар қолданылатынын анықтайды, - деді Лавров.
Мұның алдында АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки (Psaki):
- Біз алдымен химиялық қаруды табудың, тексерудің, жоюдың амалдары қандай болатынын, яғни ұсыныстың іске асу мүмкіндігін анықтауымыз керек, - деген еді.
Сирияның химиялық қаруын жою ұсынысын бұл елдің оппозициясы - Ұлттық коалиция қабылдамай отыр. Олар мұны "Асад режимін АҚШ шабуылынан сақтаудың саяси амалы" деп санайды.