Accessibility links

Ыстықкөлдегі жағдай тынышталды


Үкіметке наразы жұрттың көлікті өртеп, жолды жапқан сәті. Қырғызстан, Ыстықкөл облысы, 8 қазан 2013 жыл.
Үкіметке наразы жұрттың көлікті өртеп, жолды жапқан сәті. Қырғызстан, Ыстықкөл облысы, 8 қазан 2013 жыл.
"Қырғызстанның наразылық акциялары өткен Ыстықкөл облысындағы ахуал тұрақталды" деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

8 қазанда жүздеген тұрғын үкіметтің "Құмтөр" алтын кенішін игеруге қатысты канадалық компаниямен жасаған келісім-шартын бұзуын, бұған дейінгі наразылық акциясында ұсталған 23 адамды босатуын талап етіп, бір көлікті өртеп, жолды жапқан еді. Бүгінгі дерек бойынша, облыстағы Саруу және Дархан ауылдарына баратын жол қазір ашылған.

7 қазанда облыс орталығы Қарақол қаласында ондаған наразы тұрғын "Құмтөр" кенішін мемлекет меншігіне алуды талап етіп, облыс губернаторы Эмилбек Қаптағаевты бірнеше сағат бойы кепілде ұстаған. Полиция наразыларды күшпен таратып, Қаптағаевты аман-есен босатқан.
XS
SM
MD
LG