Accessibility links

Тәжік оппозициясы Бобоназарованы тіркеуді талап етті


Ойнихол Бобоназарова, Тәжікстан президенттігіне оппозициялық күштер ұсынған ортақ үміткер.
Ойнихол Бобоназарова, Тәжікстан президенттігіне оппозициялық күштер ұсынған ортақ үміткер.
Тәжікстан оппозициясы орталық сайлау комиссиясынан Ойнихол Бобоназарованы кандидат етіп тіркеуді талап етті.

Оппозициядан президенттікке ортақ кандидат ретінде ұсынылған Ойнихол Бобоназарованы сайлау комиссиясы тиісті мерзімге дейін тіркеуге қажетті 210 мың адамның қолын жинай алмады деп тіркемей қойған еді. Бұдан соң Ойнихол Бобоназарова президент сайлауынан бас тартатыны туралы Азаттыққа айтқан.

Ойнихол Бобоназарованы ұсынған оппозициялық күштердің өкілдері "оны жинаған 202 мың қолымен тіркелуге болады" деп санайды. Оппозиция өкілдері бұған Тәжікстан заңдары бойынша барлық сайлаушының бес пайызының дауысын жинаған кандидат президенттіке тіркеле алады деген уәж айтады.

Оппозиция өкілдері бұған қоса "билік 1 миллионнан астам тәжік мигранттарын сайлауға қатысу құқынан айыру арқылы Бобоназарованың мүмкіндігін азайтып отыр" дейді. Бобоназарова сайлауда негізінен осы тәжік мигранттарының қолдауына сүйенбек болған.

Елде 6 қарашада өтетін президент сайлауына үміткер алты адам тіркелді. Олардың арасында қазіргі президент Эмомали Рахмон да бар.
XS
SM
MD
LG