Астаналық «Барыс» шайбалы хоккей командасының жанкүйері Қайсар Айсин інілерімен бірге ол клубтың әрбір ойынына баратынын, кейде билет болмай қалатынын айтады.
– «Барыстың» ойынын көрген әр бала хоккейге қызығады. Менің екі інім де қазір хоккей секциясына барып жүр, – дейді ол.
10 ОЙЫНДА – 56 ГОЛ
Финляндиялық маман Ари-Пекка Селин жаттықтыратын «Барыс» хоккей командасы биылғы маусымда барлығы 23 ойын өткізіп, бес ойында ғана ұтылған. Астаналық команда Татарстанның «Ақ барс» және Санкт-Петербургтың «СКА» клубтарынан кейінгі орында тұр. Бұл – бес жылдан бері Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ойнайтын «Барыстың» ең үздік нәтижесі.
Команданың баспасөз қызметінің берген дерегіне қарағанда, «Барыс» алғашқы айналымда 709 соққы жасап, 91 шайба салған. «Барыс» алғашқы 10 ойында 56 гол салып, ҚХЛ рекордын да жаңартты. Бұрынғы рекорд СКА командасына тиесілі еді (10 ойында – 46 гол).
«Барыстың» америкалық легионері Брэндон Боченски 14 шайба салып, мергендер тізімінде үшінші орында тұр.
«Барыстың» бапкері Ари-Пекка Селин бірінші айналым аяқталған соң «бұл тек жетістіктердің басы» екенін мәлімдеген.
«БАРЫСПЕН» КЕЗ КЕЛГЕН КОМАНДА САНАСАДЫ»
Спорт шолушысы Абай Асанкелдіұлының пікірінше, «бұрындары ҚХЛ-дың ортаңғы тұсынан орын алып жүрген «Барыстың» биылғы жетістігі – ең әуелі бапкердің арқасы».
– «Барыстың» ҚХЛ-ды сәтті бастауының тағы бір себебі – мықты ойыншыларды дәл таба білуінде. Мысалы, америкалық Майк Лундин мен Брэндон Бочински биылдан бастап астаналық клубтың намысын қорғап жүр. Канадалық Дастин Бойд та – мықты хоккейші, – дейді журналист.
Спорт шолушысы Нұрислам Құспанғали да – «Барыстың» биыл жеңіске жететініне сенетін адамның бірі.
– Шыны керек, астаналық «Барыспен» бұл күні ҚХЛ-де ойнайтын кез келген команда санасады. Турнирдің фавориті саналатын «Салават Юлаевты» жеңген соң біздің де сеніміміз нығая түсті. Меніңше, «Барыс» биыл лиганың алғашқы бестігіне еніп, ірі жетістікке жетуі әбден мүмкін, – дейді ол.
«Барыстың» жанкүйерлер ұйымының мүшесі Әли Жанқабыловтың пікірінше, «Биыл «Барыс» жартылай финалға дейін жетсе, ол да – жетістік. Бірақ жанкүйерлер жеңіс кубогын күтеді».
Команданың астаналық жанкүйері Қайсар Айсин «Барыстың» жеңісі Қазақстанда хоккейдің дамуына септеседі деп біледі.
– Алдағы уақытта Қазақстан хоккейінің дамуына сенемін. Себебі Қазақстанда «Барыс» бар, – дейді ол.
«БАРЫСҚА» ҚАРАП, ХОККЕЙ ДАМЫП ЖАТЫР ДЕУГЕ БОЛМАС»
Ал жанкүйер Нұрбек Наурызбаевтың пікірінше, «Барыс» хоккей командасы жеңісінің Қазақстан хоккейі дамуына қатысы жоқ.
– «Барыстың» сапында 11 шетелдік ойыншы бар. Осы 11 ойыншы негізгі құрамда ойнап, әр матчқа қатысады. «Барыстың» жетістігіне қарап, Қазақстанда хоккей керемет дамып жатыр деп айтуға келмейді. Егер Қазақстан хоккейі мықты болса ұлттық құрамамыз 2014 жылы Сочиде өтетін олимпиадаға жолдама алар еді ғой, – дейді ол.
Нұрбек Наурызбаевтың сөзінше, «ұлттық хоккей құрамасының ойыны жетілмесе, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін көтеретін «Барыс» сияқты жобалардың керегі шамалы».
1999 жылы құрылған «Барыс» хоккей командасы 2008 жылдан бері ҚХЛ-да ойнап, бес рет 1/8 финалға дейін ғана жеткен. Команда ҚХЛ-дың биылғы маусымының екінші айналымында, қарашаның 13-і күні Ригада «Динамо» командасымен кездеседі.
ҚХЛ жарысына 28 хоккей клубы (Қазақстан, Беларусь, Украина, Латвия, Словакия, Хорватия, Чехиядан – бір-бір клуб, өзгесі – Ресейдікі) қатысады. Командалар әуелі екі айналым бойынша бір-бірімен ойнап шығады. Кейін көп ұпай жинаған 16 клуб плей-офф кезеңіне өтеді. Бұл лиганың басты жүлдесі – Гагарин кубогын «Ақ барс» (Татарстан) пен «Динамо» (Москва) екі-екі рет, «Салават Юлаев» (Уфа) бір рет ұтқан.